«Хейбати, саған төрешілер көмектесті». Қазақстандық спортшы қарсыласының жеңісін мойындамады (видео)

ашық дереккөзі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде Иран спортшысы Мұхаммед Хейбатиден төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалды. Алайда кездесу соңында сөз алған Мұратбек төрешілердің бұл шешімімен келіспейтінін айтып, ренішін білдірді. «Менің жеңгенімді барлығы көрді деп ойлаймын. Бұл неткен түсінбестік? Түсіне алар емеспін. Бұл жекпе-жекте мен жеңіске жеттім деп ойлаймын. Бірақ төрешілердің қалайша оған бірауыздан жеңісті беріп қойғанын түсінбеймін. Қалайша жеңіліп қалғанымды білмеймін. Шоу көрсетіп, қызықты жекпе-жек жасағым келді және өзімнің жеңгеніме сенімдімін. Мені жеңісіммен матчмейкерлер, тіпті AMC-дегі басшылық та құттықтады», деді ашуға булыққан Мұратбек. Ал Мұратбектің жаттықтыратын жаттықтырушылардың бірі Хейбатиге жеңуге төрешілер көмектескенін айтып, оны жекпе-жекке шақырды. https://www.youtube.com/watch?v=L8LCMX5zK9I