«Зорлық-зомбылық жасалмайтын елде өмір сүргіміз келеді!». Қазақстандық заңгерлер Тоқаевқа петиция жолдады

«Зорлық-зомбылық жасалмайтын елде өмір сүргіміз келеді!». Қазақстандық заңгерлер Тоқаевқа петиция жолдады

«Зорлық-зомбылық жасалмайтын елде өмір сүргіміз келеді!». Қазақстандық заңгерлер Тоқаевқа петиция жолдады
ашық дереккөзі
Азаматтық белсенділер мен бірқатар заңгерлер Қазақстанда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салуды талап етуде. Олар елдегі мәселеге назар аударуға шақырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына "Қазақстанда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салу туралы" петиция жолдады. Белсенділердің пікірінше, жыныстық бопсалауға қатаң да нақты жаза бекітпесе, құрбандары көбейеді. Бопсалау салдары зорлыққа, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Мамандардың есебінше, тиісті заңның жоқтығынан жұмыста, қоғамдық орындарда зәбір көріп, зорлыққа тап болғандар қатары соңғы жылдары арта түскен. Бірақ, ол туралы көбісі тіс жармайды. Жыныстық бопсалау бойынша елімізде 20 жылда 87 іс тіркелген. Бірақ, бірде-бір айыпталушы бас бостандығынан айырылмаған. Өйткені, зәбір көрушінің құқығын қорғайтын арнайы заң жоқ. Петиция мәтінінде «Біз, Қазақстан азаматтары, Сізді елдегі жыныстық бопсалау мәселесіне назар аударуға шақырамыз! Біз қоғам ретінде бұдан былай азаматтарымыздың өз қауіпсіздігіне қол сұғушылықтан зардап шегетініне, балалар мен ересектер бопсалаудың құрбанына айналатынына және агрессорлар заңмен қатаң жазаланбайтынына бей-жай қарай алмаймыз. Жыныстық бопсалау соңы псхологиялық күйзелістен бөлек, өз-өзіне қол жұмсауға себеп болуы мүмкін. Біз әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайтын, зорлық-зомбылық жасалмайтын елде өмір сүргіміз келеді!» делінген.