Қызылжарлық мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өсуі тиіс – Nur Otan

Қызылжарлық мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өсуі тиіс – Nur Otan

Қызылжарлық мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өсуі тиіс – Nur Otan
ашық дереккөзі
Петропавлда Nur Otan партиясының мүшелері ҚХА өкілдерімен, ардагерлермен, педагогтармен, спортшылармен және белсенді азаматтық көзқарасы бар қоғам өкілдерімен кездесті. Басты мақсат – 10 қаңтардағы сайлауға шақыру және партия жүргізетін бағыттың одан да көп жақтаушыларын табу.
Ол үшін партия спикерлері, депутаттыққа үміткерлер Лаура Қайыржанова, Арман Бердағұлов және Владимир Витченко Nur Otan партиясының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Осы бағдарламаның негізінде әрбір елді мекеннің барлық индикаторларын, қажеттіліктерін ескере отырып, аумақтық бағдарлама әзірленді. Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының өз бағдарламалары бар. жалақы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова бағдарламаның маңызды алтыншы бағытына – мемлекетті есеп беруге міндеттейтін мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға тоқталды. Пандемия кезінде кез келген мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету маңызды. Олар бағдарламада айтылғандай онлайн форматқа жүз пайыз көшуі керек. Партия мүшелері іске асыру барысын бақылайтын болады. Алдымызда ауқымды жұмыс, барлық мемлекеттік органдардың базаларын бірыңғай жүйеге біріктіру міндеті тұр. Азаматтық бақылау мен қоғамдық сараптаманың маңыздылығын арттыру қажет. «Еститін мемлекет» барлық өтініштерді көретін болады, бұл барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруін қамтамасыз етеді. Партия бағдарламасындағы бөлімдердің бірі «Қоғамдық келісім мен бірлікті сақтайық» деп аталады. «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ СҚФ төрағасы Владимир Витченко ой-ниеттің, ұмтылыстың және ұлттың бірлігінің бағасын түсінуге шақырып, қатысушыларды сайлауға келіп бүгінгі бейбітшілік пен тыныштықтың ұйытқысы болып отырған партияға дауыс беруге үндеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Nur Otan партиясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Бұл дұрыс берілген бағытты көрсетеді. Біз көп іс атқарылғанын көріп отырмыз және бәріміздің алдымызда сапаға, бұқаралық спортқа, денсаулық сақтауға баса назар аудара отырып, білім беруді дамыту бойынша жаңа мақсаттар тұр. В.Витченко Петропавлда үлкен өзгерістер байқалатынын атап өтті: «Жаңа үйлер, мектептер, спорт алаңдары салынуда. Алдағы жылы Уәлиханов көшесіндегі мектеп өз есігін айқара ашады. Жақында жаңа Спорт сарайы салынады. Секциялар мен үйірмелер тегін болуы керек, ал жаттықтырушыларға жалақыны көтеру қажет. Сонымен қатар, мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өсуі тиіс», – деп атап өтті. Әңгімелесуге ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың әрқайсысы ел болашағы үшін алаңдайды. Кездесу соңында қала тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері Лидия Михайловна Маслова партия мүшелеріне жасаған жақсылықтары үшін алғыс білдірді. Ол партия мүшелерін тыңбай еңбек етуге, адамдардың қолдауын сезініп, одан да көп іс атқаруға шақырды. Кездесуге қатысушылар сайлаушылармен қарым-қатынас кезіндегі риториканың өзгеруін бағалады. Партия мүшелері тек сәтті істер туралы айтып қоймай, проблемалар туралы да батыл айтады және оларды қалай шешу керектігін біледі. «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» бағдарламасы барлық негізгі бағыттар бойынша әзірленді және оны іске асыруға партияның тапсырмасы бойынша Үкімет 21 миллиард теңге бағыттайды. 

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.