Н.Назарбаев: Қазақстанға да терроризм қаупі төне бастады
Н.Назарбаев: Қазақстанға да терроризм қаупі төне бастады
Астанада Парламент палаталарының біріккен отырысы өтті.
"Былтыр жазда болған оқиғалар әлемде ешбір елдің террористердің шабуылынан сақтанбағанын көрсетті. Қазақстанға да террористік қауіп төне бастады. Мұның барлығы тәуелсіздігіміздің 25 жылын қиын кезеңнен бастайтынымызды көрсетеді", - деді Президент. Cондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа сессия аясында 50-ге жуық заңнаманың қабылданатынын айтып өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі қауіпсіздікті сақтау үшін заңнамалық негіздерді күшейту бірінші орында тұр. "Қазақстанда да басқа елдерде сияқты террористік қауіп төніп отыр. Террористік әрекеттердің салдарынан Ақтөбедегі және Алматыдағы атыстардан ұлттық гвардиядағылар, полициядағылар және бейбіт тұрғындар қаза тапты. Бізге осы мәселе бойынша заңнамаларды қабылдау керек. Менің берген тапсырмам бойынша Мәжілісте экстремизм, терроризм, қарсы барлау қызметі, еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жеті заңнама енгізіліп жатыр. Ең бастысы - қауіпсіздікті сақтау мен қоғамдағы тұрақтылық", - деді Назарбаев.
"Парламенттің екінші сессиясы жұмысын тарихтағы ең маңызды сәтте бастады. Біріншіден, Қазақстан 25 жылдық тәуелсіздігін атап өтуге дайындалып жатыр. Бұл жыл оқиғасы, бұл тек мейрам емес. Біз барлық ауыл, қала, облыс және өңір тұрғындарына еліміздің жеткен жетістіктерін, болған өзгерістерді және ширек ғасырда атқарған жұмыстарымызды көрсетуіміз керек. Осы мерекеге арналған іс-шаралар да қазір басталуы қажет. Әрбір ауылдағы қазақстандық бұл іс-шара жайлы білу керек", - деді Мемлекет басшысы.
"Екіншіден, біз Қазақстанды жан-жақты модернизациялау жоспарының, яғни Ұлт жоспарының жаңа бөліміне к-шеміз. Парламенттегілер заңнама негізін құру үшін Үкіметтегілермен біріге отырып, қалай жұмыс істеуге болатыны жайлы ұсыныстарды айту керек. Заңнаманы құру жұмыстары барысында үкіметтегілермен тығыз байланыста болу керек. Барлығы жетілдірілуі керек. Сондай-ақ, заңнаманы құру барысында тұрғындармен ақылдасып, комиссиядағылар тексеріс жүргізуге міндеттеледі. Меніңше, осыған дейін өткен тәжірибеміз алдымен заңнаманы халыққа түсіндіру қажет екенін айтады. Халыққа жаңа қабылданған заңңаманың мақсаты мен тапсырмаларын түсіндіру үшін әсіресе, Сенат пен Мәжілістегі депуттардың ролін күшейту өте маңызды. Расында да кез келген заңды алып қарасыңыз, ол қандай да бір маңызды мәселені шешуге бағытталады. Алайда ол жұмыстар соңына дейін атқарылмайды. Ал осы заңдардың не үшін қажет екенін қарапайым тілмен түсіндіру жағы бізде жоқ. Ең алдымен, басты назарды халыққа аудару керек. Қабылданған заңнамалар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, азаматтардың бизнесін дамыту сияқты жұмыстармен айналысу қажет. Шын мәнінде заңдар сол үшін қабылданады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы осы айдың бірінші жарысында үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты.
"Мен сіздерге халықты жұмыспен қамтуға, тұрғындардығ табысын көбейтуге, яғни біздің экономикалық тұрғыдан дамуымыз үшін, банктеріміз жұмыс істеуіне, несиелеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді Назарбаев.