Медицина мамандарына грант бөлінеді

Медицина мамандарына грант бөлінеді

Медицина мамандарына грант бөлінеді
ашық дереккөзі
Медицинаға қолжетімділікті арттыру – Nur Otan партиясының негізгі мақсаттарының бірі. Осы орайда алдағы бес жыл шеңберінде партия онкологиялық науқастарды амбулаториялық емдеудің тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін үнемі бақылауда ұстап, аудандағы медицина мамандарының тапшылығын төмендету мақсатында облыс әкімінің гранты арқылы аудан бойынша 2 мектеп түлегін оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар қатерлі ісік ауруын ерте анықтау мақсатында халықтың денсаулығын сақтау, скринингтік зерттеулер жүргізу шараларын қабылдауға ықпал етпек. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа қызылордалық үміткерлер Садық Мұстафаев, Жақсылық Үздембаев, Қаншагүл Мұстафаева мен Ерхан Бақбергенұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы мәдениет және өнерді дамыту орталығында өткен денсаулық саласы өкілдерімен кездесу барысында айтты. грант Аталмыш басқосуда үміткерлер салаға қатысты сайлауалды бағдарлама төңірегіндегі нақты жоспарлармен таныстырып, сайлауда аталмыш партияны қолдауға үгіттеді. Ашық әңгіме, еркін пікірталас алаңында ақ халатты жандардың біліктілігін арттыру, ауылдық округтерде орналасқан ауылдық дәрігерлік амбулаториялар құрылысын салу және күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселерді көтерді. Үміткерлер көтерілген түйінді мәселелер туралы ойын айтып, сала мамандарының салмақты сауалдарына рет-ретімен жауап берді. Нақтырақ айтсақ, инфекционист, акушер-гинеколог мамандықтарына мамандарды резидентурада оқытуға, Жалағаш кенті мен Дәуімбай, Жаңақоңыс елді мекендегі медициналық нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге және Мырзабай Ахун, Есет батыр, Қаракеткен, Таң елді мекендерінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға ықпал жасайтындықтарын жеткізді. Шара соңында сала мамандары пандемия кезінде Nur Otan партиясының үлкен қолдауына ие болғандарын айтып, партия тарапынан жасап жатқан игілікті жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді. Алдағы саяси додада Nur Otan партиясын қолдайтындарын айтты.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.