Екібастұзға агрономдар қажет

Екібастұзға агрономдар қажет

Екібастұзға агрономдар қажет
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Арман Амургалинов, Иван Дычко және Татьяна Шмидт үгіт-насихат жұмыстарымен «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС - Павлодар облысындағы ірі жылыжай шаруашылығының бірі. Технологиясы еуропалық стандартқа сай келетін және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған инновациялық жүйедегі заманауи кешен болып табылады. Өндіріс қарқынды дамып келеді. Оған дәлел – құрылысы мен жаңа алаңдардың енгізілуі: 2019 жылы - 16,1 га, 2020 жылы  5 гектар жерге ұлғайды.  Қазіргі уақытта жалпы өндірістік қуаты бір ауысымда 30 тонна өнімді құрайды. Қызанақтардан басқа кәсіпорын қияр және болгар бұрыштарын өсіре бастады. Алайда өндірістің кеңейтілуі мұнымен тоқтамайды. Бас жоспарға сәйкес 2023 жылға дейін кәсіпорын кешіннің жалпы алаңын 60 гектарға дейін арттыруды межелеп отыр. Кездесу барысында кандидаттар жиналған көпшілікті «Nur Otan» партиясы Екібастұз бөлімшесінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламада өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешені ұсынылады: тұрғын үй құрылысы, жол, «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау. Ұжым өкілдері кандидаттарға әйелдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кинотеатрлардың жұмысын жандандыру, сондай-ақ, жұмыссыздарға қатысты арнайы заң қабылдауға ұсыныс жасады. Сонымен бірге, серіктестік жұмыскерлері кәсіпорынға арнайы мамандарды, яғни, агроном, биологтарды даярлау туралы мәселені көтерді.

 «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев

 Ақысы «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді.