Ауылдағы ауыз су мәселесін Nur Otan қолға алмақ

Ауылдағы ауыз су мәселесін Nur Otan қолға алмақ

Ауылдағы ауыз су мәселесін Nur Otan қолға алмақ
ашық дереккөзі
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ел ішінде көп көтерілетін мәселелердің бірі. Суы бар жердің ырысы бары дегендей қарапайым халықты толғандыратын бұл сұрақтың түйткілі басым.
Елдің қамын ойлаған Nur Otan партиясы шалғай ауылдардағы ауыз су мәселесін қолға алмақ. Ақмола облыcы мен Бұланды аудандық мәслихаттар депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер Айбат Есентуров, Раушан Хожабай, Сағадат Кабикенов және Шахман Құсайынов бастаған топ Никольское ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылға қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді талқыға салды. ауыз су Айта кететін жайт, Никольское ауылының бір артықшылығы – ауыл темір жолдың бойында орналасқан, сондықтан ауыл халқы еш қиындықсыз үлкен қалаларға қатынай алады. Кезінде дүркіреп тұрған өндірістік тарихы бар елді-мекен бүгіндері, әрине, бұрыңғы дәуренін жоғалтқан, бірақ жергілікті халық болашаққа зор үмітпен қарайды. Тұрғындар саны да аз емес, оған дәлел – екі орта және бір бастауыш мектептің жұмыс істеуі. Сатылы деңгейді жеке кәсіпкерлік те дамып келеді. Халықты толғандырып жүрген мәселердің бірі – ауыз су құбырының тозып, істен шығуы. Жергілікті атқарушы билікпен жыл сайын өтетін жиындарда осы мәселе бақылауға алынса да, оң шешімін таппаған еді. Сүйінші жаңалықты күтіп отырған ауыл тұрғындарының жағдайын да түсінуге болады: ауыз сусыз толыққанды тіршілікті елестету мүмкін емес. Бірақ жағымды жаңалықтың ауылы алыс емес сыңайлы. Биыл су құбырларын қайта жабдықтаудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге биыл 10 миллион теңге бөлінді, ал негізгі жұмыстардың, яғни жобаның жалпы құны 569, 8 млн теңге құрайды. Жобаны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөлу мақсатында салалық басқармаға бюджеттік өтінім жіберілді. Осылайша, Nur Otan партиясының көмегімен, жергілікті атқарушы биліктің басшылығымен елді-мекенде маңызды мәселе шешіліп, әлеуметтік ахуалға оңтайлы әсері тиетіні айдан анық. Кездесу соңында нұротандық белсенділер ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырып, келер жылдың 10 қаңтарында дұрыс таңдау жасап, Nur Otan партиясына дауы беруге шақырды. Өйткені көшбасшы партиямен бірге ауылдағы басқа да маңызды мәселелер шешемін табатынына сенім де, кепіл де зор.

Nur Otan партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.