12 бухгалтер сотты болды

12 бухгалтер сотты болды

12 бухгалтер сотты болды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Шу ауданының білім бөліміне қарасты 12 бухгалтер және аудан әкімінің бұрынғы орынбасары  К.И. Қожағаппановаға бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Бұл жөнінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. «Қожағаппанова бас бухгалтер К.С. Ағыбаевамен және 11 бухгалтермен алдын ала сөз байласу арқылы 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 233 146 525 теңге бюджет қаражатын аудан мектептері мұғалімдерінің жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру жәрдемақысы түріндегі карточкалық шоттарына негізсіз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен жымқырды деген күдікке ілінді», – делінген дапартамент хабарламасында. Бұл жөнінде 2020 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы Шу аудандық сотының үкімі шыққан. Атап айтсақ, К. Қожағаппанованы (ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша) 9 жыл, К. Ағыбаеваны (ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша) 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы және 11 бухгалтерге қатысты түрлі шешімдер шыққан. Департамент хабарламасына қарағанда Қожағаппанова мен Ағыбаева Шу аудандық сотының залында қамауға алынған.