Жаңалықтар

"Жәрдемақыға өмір сүру мүмкін емес": Адалдықтар көпбалалы аналардың шағымын тыңдады

ашық дереккөзі

"Жәрдемақыға өмір сүру мүмкін емес": Адалдықтар көпбалалы аналардың шағымын тыңдады

Депутаттыққа кандидаттар мен ADAL партиясының өкілдері Ақтөбе және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесті. Кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Лаура Маликова, Ләззат Шыңғысбаева мен партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов және Әнуар Керембаев өңірдің бірқатар елді мекендерінде болды. Қандыағаш қаласында қала жұртшылығымен үлкен кездесу өтті. Кездесу барысында Мақсат Толықбай партия бағдарламасының мақсаты туралы айтып, қала тұрғындарын азаматтық ұстанымын танытуға шақырды: «Сайлауға қатысып, адал еңбек етуге, өз еркіңізді білдіруге бейжай қарамау аса маңызды. Әйтпесе, елде ештеңені өзгерту мүмкін емес болады. Сіз көптеген, ондаған жылдар бойы проблемаларға шағымданып жүре бересіз. Ал оларды шешуге тырысуға болады. Біз сіздерді осы іске шақырамыз», – деді ол.