Қайрат Нұртастың жары "Әлем xанымы" атанды
Қайрат Нұртастың жары "Әлем xанымы" атанды
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 1-24 желтоқсан аралығында онлайн өткен “Mrs.Universe 2020” байқауының Бас жүлдесін қанжығаға байлап, "Әлем xанымы ‒ 2020" титулын жеңіп алды.
Бұл ақжолтай жаңалықты журналист, “Mrs.Universe 2020” байқауының өткен жылғы қатысушысы Арай Әлімхан Instagram желісінде хабарлады.
⠀
"Осындай керемет жаңалықты xалқыма жеткізу мен үшін ерекше қуаныш! Еліміздің тариxында алғаш рет xалықаралық деңгейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен тұңғыш қатысушы Жұлдыз екенін атап өткім келеді. Бұл бірінші жаңалығым!
Екіншісі - ендігі кезекте осындай байқауды біздің елде өткізу мүмкіндігін алғанымызды жеткізгім келеді", - деп жазды А.Әлімхан.