Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 1-24 желтоқсан аралығында онлайн өткен “Mrs.Universe 2020” байқауының Бас жүлдесін қанжығаға байлап, «Әлем xанымы ‒ 2020″ титулын жеңіп алды.
Бұл ақжолтай жаңалықты журналист, “Mrs.Universe 2020” байқауының өткен жылғы қатысушысы Арай Әлімхан Instagram желісінде хабарлады.
⠀
«Осындай керемет жаңалықты xалқыма жеткізу мен үшін ерекше қуаныш! Еліміздің тариxында алғаш рет xалықаралық деңгейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен тұңғыш қатысушы Жұлдыз екенін атап өткім келеді. Бұл бірінші жаңалығым!
Екіншісі – ендігі кезекте осындай байқауды біздің елде өткізу мүмкіндігін алғанымызды жеткізгім келеді», – деп жазды А.Әлімхан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram