Алтынай Жорабаева күйеуінен мәхрге су жаңа көлік сұрады

Алтынай Жорабаева күйеуінен мәхрге су жаңа көлік сұрады

Алтынай Жорабаева күйеуінен мәхрге су жаңа көлік сұрады
ашық дереккөзі
Танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуімен некесін жаңартып, мәхрге су жаңа көлік сұрады. Ол өзінің Instagram əлеуметтік желісіндегі Stories бөлімінде былай деді: «Наконец-то!  Некемізді жаңарттық, достар сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын əрине Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік хайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер», – деп сөзін аяқтады. Биыл жазда екінші рет тұрмысқа шығып, қазіргі жолдасын елге таныстырған әнші жақында Түркиядан үй алғанын хабарлаған болатынбыз.