"Мен оны оңай сабаймын": "Қазақ стилі" "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

"Мен оны оңай сабаймын": "Қазақ стилі" "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

"Мен оны оңай сабаймын": "Қазақ стилі" "Канелоны" жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
"Қазақ стилі" лақап атымен танылған қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz. Орта салмақтағы қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті батыл мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол екінші орта дивизионда WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды. Қазақ боксшы Twitter желісінде мексикалық жұлдызды оңай жеңетінін мәлімдеді. "Егер "Канелоны" ешкім жеңе алмайды деп ойлсаңыздар, онда қатты қателесесіздер, онда бәріңіз ұйқыдасыздар. Өтінемін, ояныңыздар. Мен оны оңай сабаймын. 2021, QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", – деп жазды Әлімханұлы.