Жаңалықтар

«Nur Otan» Ақтөбеде 100 мың жұмыс орнын ашуға уәде берді (видео)

ашық дереккөзі

«Nur Otan» Ақтөбеде 100 мың жұмыс орнын ашуға уәде берді (видео)

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Ақтөбе облысына келді. Билеуші партия өкілдері күні бойы қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді. Ақтөбе қаласының дәрігерлерімен кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі басымдықтары талқылады. «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі – азаматтардың денсаулығы. Бұл саланы қаржыландыру көлемі елдің ЖІӨ-нің 5%-не дейін жеткізілетін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның сайлауалды Съезінде атап өткендей, дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, бір салаға терең бейімделген қажетті мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар саны ұлғайтылады», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламамсы аясында аудандық ауруханалар мен перзентханалар заманауи томографтармен, рентген аппараттарымен және басқа да қажетті жабдықтармен жарақтандырылады. Тірек және серіктес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, жаңғыртылады. Нақты Ақтөбе облысында партия консультативті-диагностикалық бөлімі бар перинатальды орталықтың, туберкулез диспансерінің, Қарғалы қалалық ауруханасы мен қалалық балалар клиникалық ауруханасына іргелес жапсаржайлар құрылысын аяқтауға және т.б. ықпал етеді. Осы күні «Nur Otan»-ның өкілдері Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда партияның сайлауалды бағдарламасының аясында мектеп салу, көшелерді жарықтандырып, сумен қамту жүйесін кеңейту жоспарлануда. «Бүгінде ел азаматтарының 40%-тен астамы ауылда тұрады. Біз ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін бар жағдайды жасаймыз. Мәселен, 5 жыл ішінде еліміз бойынша 3,5 мың ауылды жаңғырту, әрбір тірек ауылға дейін 27 мың км жергілікті жолдарды жөндеу жоспарлануда. Ауылдық жердегі тұрғындардың бәрі сумен және 99% жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтылады. Жалпы саны 900 мыңнан астам адамды қамтитын 246 ауыл газға қол жеткізеді», - деді билеуші партияда. «Nur Otan» баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесу дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Айгүл Елшібаева мен айтыскер Жұлдыз Қожабекованың қатысуымен шағын концертке ұласты. «Біздің ауыл сайлауда 100% «Nur Otan» партиясына дауыс беретініне кепілдік беремін», - деді кездесу қорытындысы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Телағыс.