Жылу тарифі арзан қалалар анықталды

Жылу тарифі арзан қалалар анықталды

Жылу тарифі арзан қалалар анықталды
ашық дереккөзі
Жылу тарифі Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында жоғары, деп жазды energyprom.kz. Ең арзан тариф Көкшетау және Павлодар қалаларында тіркелген. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы да соңғы үштікке еніп отыр. Сайт статиситкасына сәйкес, осы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елде орталықтандырылған жылудың орташа тарифі 1 Гкал энергия үшін 3,5 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға қымбат. Ең қымбат жылу тарифі Атырау қаласына тиесілі. Қала тұрғындары 1 Гкал жылу үшін 5,5 мың төлейді. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы. Мұнда тариф бағасы 5,1 мың. Алматы қаласы да алғашқы үштікке енді,оңтүстік астана тұрғындары 1 Гкал жылу энергиясы үшін 5 мың теңге төлейді. Ең арзан тариф Көкшетау қаласында тіркелген. Мұнда 1Гкал энергия бағасы 1,8 мың теңгеге тең. Одан кейінгі орында Павлодар қаласы, мұнда жылу тарифінің 1 Гкал үшін құны 2,3 мың теңге. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы да жылу тарифі арзан қалалардың бірі ретінде тіркеліп отыр. Мұнда жылу энергиясының 1 Гкал үшін бағасы 2,4 теңгені құрайды. 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін 72 млн Гкал энергия өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға аз.