Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениеті дамымаған

Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениеті дамымаған

Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениеті дамымаған
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Ауылдан ауылға» акциясы аясында Қызылорда облысы, Арал ауданындағы «Арал Балық» зауытына барды. Зауыт ұжымымен кездесуде үміткерлер балық шаруашылығын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту мәселелеріне қатысты партияның бастамаларын таныстырды. «Ауылдықтардың» айтуынша, браконьерліктен және балық аулауға мемлекет белгіленген лимиттерден басқа, экономика және табиғи ресурстарды қорғау тұрғысынан балық өсіруде ерекше проблемалар жоқ. Тауарлы балық шаруашылығында жағдай сәл өзгеше, оның әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр. Құс шаруашылығымен салыстырғанда, бұл бағытта балық өсірудің өнімділігі мен тез өсуі жақсы көрсеткіштерге ие. Бір балық миллионға дейін шабақ әкелуі мүмкін және бұл тұрғыда көл-тауарлы балық фермаларын дамыту өте перспективалы болып көрінеді. Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениетінің дамымағандығына байланысты балықты ішкі нарықта өткізу бойынша қиындықтар туындап отыр. Кандидат Б.Сандыбаев атап өткендей, «Ауыл» партиясы өз бағдарламасында қайта өңдеу мен экспортты дамытуды ұсынады. Мысалы, бекіре мен лосось өсіру, сондай-ақ оларды сапалы қайта өңдеу қазақстандық балық өсірушілерді халықаралық нарықтарға шығаруы мүмкін. Бұл тікелей валюталық түсім. Бұл үшін біздің елімізде қажетті ресурстық әлеует бар. Жалғыз нәрсе – бұл инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін шешу. Сондай-ақ, кандидат З.Әліпбек зауыт қызметкерлеріне «Ауыл» партиясының әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі бастамалары туралы айтып берді. Мәжілісінің депутаттығына кандидат партия мүшелері «Арал Балық» зауытынан басқа, Қуаңдария, Жосалы, Ақтөбе елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті.