Жаңалықтар

2021 жылы жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

ашық дереккөзі

2021 жылы жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы U-17 және U-20 әлем чемпионаты өтпейді. Турнирлер Перуде (U-17) және Индонезияда (U-20) өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер 2023 жылы аталған әлем чемпионаттарын қабылдайды. Бұл туралы Prosports.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі U-20 әлем чемпионы – Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы – Бразилия құрамасы. Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.