Бразилия президенті Жаир Болсонару парашютпен секіруге бел буды. Бұл туралы ол Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Десанттық әскердегі өз қызметімнің жақсы кезеңдерін еске алғым келеді»,- дейді 65 жастағы президент. Сонымен қатар, мемлекет басшысы «командалық рухты нығайту үшін» бірнеше министрді өз қатарына қосылуға шақырды.
«Тимбилдинг» жұмысқа кедергі келтірмес үшін қаңтар-ақпан айларындағы демалыс күндерінің бірінде өтпек. Болсонару парашютпен секіру үшін ұшақ та таңдап қойды, ол – бразилиялық Embraer компаниясының әскери-көліктік KC-390 әуе кемесі.