Моңғолияда Қазақстан Парламентінің сайлауы туралы брифинг өткізілді

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев алдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты онлайн-брифинг өткізді.

Брифингке Моңғолияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда «MNB World», «Монцамэ», «Gogo.mn», «Unuudur», «Zindaa.mn», «UBS», «Kaznews.mn», «Control.mn», сондай-ақ сарапшылар, саясаттанушылар және медиа мен адам құқықтары саласындағы үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.

Онлайн баспасөз брифингіне қатысушылар парламент сайлауына дайындық барысымен және сайлауға қатысатын партиялардың тізімімен танысты.

Бұған қоса, қазақстандық дипломат қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитетінің әртүрлі халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 276 халықаралық байқаушылары аккредиттелгенін мәлімдеді.

Back to top button