Қостанайда 14 жасар қыз жоғалды

Қостанайда 14 жасар қыз жоғалды

Қостанайда 14 жасар қыз жоғалды
ашық дереккөзі
25 желтоқсан күні сағат 00:22-де Қостанай қаласы полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғынынан 2006 жылы туған, 8 сыныпта оқитын қызы Семенова Эвелинаның жоғалғаны туралы арыз түсті, – деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқушы қыз кеше 24 желтоқсанда сағат 15:30-да үйден шығып орталық стадионға гандболдан жаттығуға кеткен және осы уақытқа дейін қайда екені белгісіз. Үстінде ұзын қара курткасы, сұр түсті қалпағы және күңгірт түсті джинсы шалбары бар. Дене бітімі сұңғақ, бойы орташа. «Қазір барлық қажетті іздеу шаралары ұйымдастырылып жатыр. Жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін және қай жерде екенін көрген-білгендер болса, «102» нөміріне немесе полиция бөліміне хабарласуын сұраймыз»,  – деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.