Нұр-Сұлтандағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, да 26 желтоқсаннан бастап қаладағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Кинотеатрлар 30%-ға ғана толуы керек, күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады, – деді Қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар, мереке күндері жұмыс кестесі сағат 22:00-ге дейінгі (тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерді қоспағанда) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалардың жұмыс уақыты 24 сағатқа дейін ұзартылады.

Бірақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Back to top button