Үміткер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуге уәде берді

Үміткер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуге уәде берді

Үміткер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуге уәде берді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Карбозов Манат Кәкімжанұлы Көкалатта және ауданның өзге ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы мен жеткен жетістіктері таныстырылды. Үміткер партияның алдағы 5 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш жұмсайтынын айтты. – Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып тұр. Осы орайда біз тұрақты мониторинг жүргізіп, болатын қауіпті алдын-ала ауыздықтау жолында жұмыс істейтін боламыз. Nur Otan тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайнының тұрақты болуын қамтамасыз етеді, – деді Манат Кәкімжанұлы. Қортындылай келе, Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады.

Nur Otan партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді