Роза Рымбаева "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын алды

Роза Рымбаева "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын алды

Роза Рымбаева "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын алды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті.  width=
«Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» атағын жеке тапсырудамын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Кездесу барысында Роза Рымбаева Семей қаласында ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, жуырда ғана мерейтойға арналған қорытынды концертте ән шырқағанын еске алды.
«Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін», - деді Роза Рымбаева.