«Талдықорғандыкін Үштөбеге қоя салған». Шыршаға бөлінген 4 млн теңге біреудің қалтасында кеткен бе?

Алматы облысының тұрғындары әлеуметтік желіде осыдан екі жыл бұрын Талдықорған қаласына қойылған жаңа жылдық шыршаның Үштөбе қаласына қойылғанын жарыса жазды.

Жазбада жаңа шыршаға бөлінді деген 4 млн 800 мың теңгені әкімдік қалтасына басып, Талдықорғанға қойылған ескі шыршаны орната салғаны айтылған.

Оқиғаға қатысты Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар Үштөбеге шырша бермегендерін, сатпағандарын айтады.

«Үштөбеде тұрған шыршаның Талдықорғанға ешқандай қатысы жоқ. Ондай шырша бізде болған жоқ. Қазір бізде қала бойынша үш шырша тұр. Орталық алаңда, жастар саябағында және Қаратал өзенінің жағалауында. Біз ешкімге шырша берген жоқпыз, сатқан жоқпыз. Үштөбедегі шыршаның бізге қатысы жоқ», – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Back to top button