Жаңалықтар

Nur Otan инклюзивті білім беруді 100% қамтиды

ашық дереккөзі

Nur Otan инклюзивті білім беруді 100% қамтиды

Ақтөбеде облыстық және қалалық мәслихат депутаттығана үміткерлер «Білім ордасы» БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. Олар сайлауалды бағдарламаны насихаттап, білім саласындағы өзгерістермен бөлісті. «Балаларды инклюзивті білім берумен 100%-ға қамтуға мүмкіндік бар» деген қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Тәңірбергенова партия қоғам үшін тең мүмкіндіктер жасайтынын да айтты. – Біздің партияның бағдарламасын қай бағыттан алып қарайтын болса да тиімді жоспарланған. Бағдарламаның негізгі басымдықтары анық. Олар бес жылға құрылған жоспар бойынша уақытында орындалады. Үйлер салынады, жұмыс орындары ашылады. Осы бағдарламаның ішінде өзім ұстаз болғандықтан білім саласы жаныма жақын. Қаламызда алдағы жылдары жаңа мектептер ашылып, ескі мектептердің жөндеуден өтетінін қуанышпен хабарлаймын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тең мүмкіндіктер жасайтын болады. Nur Otan партиясы 3 тен 6 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы түзету топтарымен немесе балабақшалармен қамтуды 16,2%-тен 59,5%-ке дейін жеткізетін болады. Балаларды инклюзивті білім берумен 100%-ке қамту жоспарланып отыр. Осыған дейін «Нұр Ақтөбе» қалашығында салынатын және жаңадан ашылатын мектеп туралы айтқан едім. Бүгін басқа аймақта салынатын жаңа мектептер туралы айтып өткім келеді. 2022-2023 жылы Батыс-1, Батыс-2 тұрғын алаптарында 1200 орындық 2 мектеп құрылысы жүргізіледі. Ал 2021-2023 жылы Ақтөбе қаласының кемінде 5 мектебіне қосымша құрылыс салуға жоспар бар. 2021 жылдан бастап бастауыш сынып оқушыларын кезең-кезеңімен тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Қашықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етеді, – деді ол. Онлайн эфир барысында Гүлмайрам Габдушева «Білім ордасы» БПҰ мүшелеріне бағдарламаның кәсіпкерлік бағытына тоқталды. Ал Азамат Базар жастар тақырыбын қозғап, Nur Otan партиясының жастарға жасайтын жаңа мүмкіндіктерін айтып өтті.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.