Талдықорғандағы аккумулятор зауытын қорғасынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей тұр

Талдықорғандағы аккумулятор зауытын қорғасынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей тұр

Талдықорғандағы аккумулятор зауытын қорғасынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей тұр
ашық дереккөзі
Азат Перуашев Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында болды. Бұл кәсіпорын тапсырыс көлемінің ауқымына байланысты демалыссыз жұмыс істеп, өндіріс көлемін тұрақты түрде арттырып келеді. Айына 340 мың аккумулятор өндіре алатын кәсіпорынға желтоқсан айында 550 мыңнан астам тапсырыс келіп түскен. Осыған байланысты зауыт қуаттылығын шұғыл түрде кеңейтіп, қосымша жабдықтар орнатуда. Биыл өндіріс 2,6 млн акумуляторды құрайды, келесі жылы кәсіпорын 3 млн аккумуляторға дейін шығаруды жоспарлап отыр. Қазақстандық аккумулятор Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, БАӘ-ге, Польшаға, Германияға, Италияға және т.б.елдерге экспортталады. Кәсіпорында 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді, көбі – жастар, кәсіпорында 30-40 жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар да бар. Зауыт басшылығының айтуынша, бүгінгі таңда қорғасынмен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Оның екі каналы бар: қорғасын сынықтарын қайта өңдеу және тау-кен металлургия кәсіпорындарынан қорғасын сатып алу. Қорғасын сынықтары бойынша миллион аккумулятор сатып алатын Өзбекстан ең перспективалы жеткізуші бола алады. Өз ресурсын өтеген аккумуляторлар қайта өңдеу үшін «Қайнар» зауытына қайтарылса болады. Бірақ Өзбекстан қорғасын сынықтарының экспортын тоқтатты және біздің келіссөз жүргізушілердің барлық әрекеттері сәтсіз аяқталуда. Осыған орай, Азат Перуашов қазан айында «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы Үкіметке Өзбекстанмен тең құқықты сауда саясатын жүргізу қажеттігі және тиісті шаралардың қабылдануы жөнінде өтініш жасағаны туралы атап өтті. Тау-кен металлургия компанияларынан қорғасын сатып алуға қатысты дайын өнімді отандық өндірушілердің мүдделеріне қысым жасалынатыны айқын. Оларға металл бағасы Лондон биржасының бағасымен қойылады, оған өндірушінің бағасынан басқа логистикалық шығындар мен трейдер компанияның сыйақысы да кіреді. Нәтижесінде ішкі нарықтағы металдың құны негізсіз жоғарылауда. «Шикізат алыптары біздің жер қойнауымыздан металл өндіреді, бірақ оларға өз компанияларымызға қайта өңдеу үшін сатқаннан гөрі, шетелге сату тиімдірек. Металды қайта өңдеу жұмыс орындарын беріп, дайын өнім ретінде экспортқа шығарар еді. Міне, жоғары құнды дайын технологиялық өнімдерді экспорттау деген осы!», – деп атап өтті Азат Перуашев.