Екібастұздықтар қаланың көркеюін қалайды

Екібастұздықтар қаланың көркеюін қалайды

Екібастұздықтар қаланың көркеюін қалайды
ашық дереккөзі
Екібастұзда Nur Otan партиясынан қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесулер онлайн-форматта қажетті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отыра өндірістік алаңдарда ұйымдастырылды.
«Есіктен есікке» акциясы аясында үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері қала тұрғындарының үйлеріне барып 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, екібастұздықтарды толғандыратын мәселелерге құлақ түрді. Тұрғындар үміткерлерге қаладағы бірнеше мәселені айтып, оны шешуге қолғабыс етуді сұрады. Кандидаттар өз тарапынан қаланың шағын аудандарында және ауылдарда инфрақұрылымды жақсартуды, жол сапасын арттыруды, балаларға ойын және спорт алаңшаларын құруды, көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен жертөлесінде жөндеу жүргізуді партия бағдарламасында қарастырылғанын айтты. Үміткер Михаил Цыбанев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдау ZOOM-платформасында ұйымдастырылды. Кандидат конференцияға қатысушыларды Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өңір тұрғындары «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларының орындалуына қызығушылық танытты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерді білуге құмартты, қыстағы автомобиль жолдарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Сонымен бірге қалалықтар Екібастұзда итті қыдыртатын алаңдарды көптеп салуға және велосипедке арналған жол салуға ұсыныс білдірді. Конференцияға қала спортшылары да қосылып Михаил Цыбаневке спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жұмысты осы қарқында жалғастыруға тілектестігін білдірді.

 «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық Сайлауалды штабының қаржысынан төленді.

Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев.