Ұстаздан артық есеп талап еткен білім ұйымдарының басшылары жазаланды

Ұстаздан артық есеп талап еткен білім ұйымдарының басшылары жазаланды

Ұстаздан артық есеп талап еткен білім ұйымдарының басшылары жазаланды
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардан артық есеп талап еткені үшін 50-ден астам білім беру ұйымының басшысы жазаланды.  «Бұл бағытта батыл шаралар қолға алынды. Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Қазір барлық процестерді реттеудің нақты тетіктері бар. Қазір педагогтың күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін бекіттік, олар – сынып журналы, қазір оны көпшілігі электронды түрде толтырады және сабақ жоспары. Одан басқа құжаттарды мұғалім күнделікті толтыруға міндетті емес. Жылына бір рет күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады», – деді А.Аймағамбетов. Сондай-ақ, министр педагогтан артық есеп сұрау бойынша шағымдар келіп түскенін және нақты шаралар қабылданғанын айтты. «Биылғы жылдың өзінде осы норманы бұзу бойынша білім беру ұйымдарының 50-ден астам басшысы жазаланды», – дейді Білім министрі.