Жаңалықтар

2020 жылдың 11 айында жедел медициналық көмекке 6,6 млн төленген

ашық дереккөзі

2020 жылдың 11 айында жедел медициналық көмекке 6,6 млн төленген

2020 жылдың 11 айында жедел медициналық көмекке 6,6 млн төленген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз. Бұл туралы МӘМС қорының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл күндізгі стационарға 967 мың емделуші жатқызылған, оның 456 мыңы ТМККК,  511 мыңы МӘМС бойынша жүзеге асырылыпты. Сонымен қатар, күндізгі стационар жағдайында ТМККК шеңберінде амбулаториялық гемодиализдің 847 мың сеансы өткізілген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17% жоғары. 2020 жылдың 11 айында 2,5 млн жуық пациент тәулік бойғы стационарларға жатқызылған. Бұл ретте шұғыл емдеуге жатқызудың 13% төмендегені байқалады. Көрсетілген шұғыл көмек пен емдеудің негізгі үлесі ТМККК тиесілі және жоспарлы емдеуге жатқызудың негізгі үлесі МӘМС жүйесінде жүзеге асырылған. Көрсетілген жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 8500 жағдайының негізгі үлесі МӘМС қаражаты есебінен жүргізіліпті, бұл - шамамен 95%. ЖТМҚ жағдайының орташа құны 1 жағдай үшін 1,3 млн теңгеге жеткен. 2020 жылы медициналық оңалтуды қаржыландырудың едәуір ұлғаюына қарамастан, шектеу шараларын қабылдау және карантин енгізу себебінен жағдайлардың саны (115 мың) іс жүзінде 2019 жылғы деңгейде қалып отыр.