«Абай» телехикаясы Түркияның мемлекеттік телеарналарынан көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген «Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек. Бауырлас елдің мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытты. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда.
«Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде», – деп хабарлайды телерадиокорпорацияның Баспасөз қызметі.

1 seria.00 17 23 14.still003 1
6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр.
«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов. Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.
Хакім өмірінен сыр шертетін алғашқы телевизиялық сериалды қазақстандықтар Ұлттық арна эфирінен Тәуелсіздік мерекесінде тамашалады.

Back to top button