Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы қаншаға өсетіні белгілі болды

Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы қаншаға өсетіні белгілі болды

Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы қаншаға өсетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
2021 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Биыл президент біздің алдымызға мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға өсіру міндетін қойған еді. Біз тапсырманы орындадық. Келесі жылы қаңтар айынан бастап барлық педагогтің жалақысы тағы 25 процентке көбейеді", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр тек мектеп мұғалімдерінің емес, балабақша, колледж, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерінің айлығы көтерілетінін атап өтті. Біліктілік санатына қарай мұғалім өз жалақысының 30-50 процентіне дейін қосымша ақы алады. Егер ол шебер болса, ай сайын еңбекақысының 50 пайызына дейін үстемақы беріледі. Сондай-ақ, пәнді ағылшын тілінде беру, сынып жетекшілігі, дәптер  тексергені үшін қосымша ақылар қарастырылған.