Бопсалап, пара алған: ТЖД басшысы 7 жылға сотталды

Бопсалап, пара алған: ТЖД басшысы 7 жылға сотталды

Бопсалап, пара алған: ТЖД басшысы 7 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Алматыда қалалық ТЖД Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің мәліметінше, Н.Нұрташевқа жеке компаниялардың басшыларынан бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылған. «Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Александр Бирюковтан коммерциялық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін 20 мың теңге, сонымен қатар, терминалдардың металл конструкцияларында өртке қарсы бояумен өңдеудің болмауы түрінде анықталған заңбұзушылықты бұйрықта көрсетпеу үшін тағы бір жеке компанияның басшысынан 840 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген ведомства таратқан хабарламада. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Н.Нұрташев 7 жылға, А.Бирюков 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.