Кімдер төлемнен босады – елімізде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді

Кімдер төлемнен босады – елімізде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді

Кімдер төлемнен босады – елімізде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді
ашық дереккөзі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде қосымша құн салығы бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енетінін мәлімдеді. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен өзгетулерге сәйкес, қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді«, – делінген комитет ақпаратында. Сонымен жаңа нормаларға сәйкес, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады: 1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
  • арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;
  • арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;
  • арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілетін және өткізілетін тауарларды;
2) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар; 3) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Бұл толықтырулар Салық кодексінің 394-бабына енгізілген. Қолданыстағы Салық кодексімен уәкілетті экономикалық операторлармен (УЭО) белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда импортқа салынатын ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзарту қарастырылған. Салық кодексінің 399-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кодекстің 49-бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты ҚҚС-тан босатылады. Тауарлардың импорты кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді. Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады. Осылайша, заңмен ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзартылған ҚҚС төлеушілерінің белгіленген санаттары үшін ЕАЭО мүше елдерге бұдан бұрын импортталған тауарларды шығарған жағдайда ҚҚС-нан босатуды көздейтін түзету енгізілген. Салық кодексінің 411-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, ҚҚС қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы қызмет түрлеріне мыналар қосылды:
  • мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау;
  • ашытқы өндіру;
  • салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;
  • қант қызылшасынан қант өндіру.
Енгізілген өзгерістер отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.