Жапонияда жүргізушісіз жүретін пойыздардың рейсі ашылды

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралының Фукуока қаласында жүргізушісіз басқарылатын электр пойызы алғаш рет тұрақты рейсін бастады. Ол кәдімгі күре жолмен жүріп, өткелдерде бағдаршам алдында тоқтайды.

ҚазАқпараттың Kyodo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап ұсынған жазбасында, бастапқы кезеңде электр пойызында машинист болады. Содан кейін оны біртіндеп толық автоматтық режимге ауыстыру көзделген.

Электр пойызының ұзақтығы шамамен 13 шақырым, күніне 12 рейс жасайды.

Кyodo агенттігінің атап өтуінше, жүргізушісіз басқарылатын электр пойыздарын енгізу біріншіден машинисттердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Уақыт өте келе осындай электр пойыздарын бүкіл Жапонияда пайдалану көзделген.

Back to top button