Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды
Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды ОСК.
Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар:
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Амирханян Аветик Рубенович - Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Буларов Ильяс Юсупович - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;
Дементьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Ли Юрий Виссарионович – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
Набиев Вакиль Гусейнович – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
Осин Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
Тохтасунов Владимир Имтахунович – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
Хамедов Абилфас Муслимович – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.