Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды

Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды

Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды ОСК. Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Амирханян Аветик Рубенович - Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Буларов Ильяс Юсупович - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі; Дементьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры; Ли Юрий Виссарионович – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы; Набиев Вакиль Гусейнович – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті; Осин Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы; Тохтасунов Владимир Имтахунович – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры; Хамедов Абилфас Муслимович – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.