Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидат белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды ОСК.

Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Амирханян Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Буларов Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;

Дементьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Ли Юрий Виссарионович – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Набиев Вакиль Гусейнович – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;

Осин Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;

Тохтасунов Владимир Имтахунович – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;

Хамедов Абилфас Муслимович – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Back to top button