Димаш Құдайберген жаңа клипін таныстырды (видео)

Димаш Құдайберген жаңа клипін таныстырды (видео)

Димаш Құдайберген жаңа клипін таныстырды (видео)
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген «Я скучаю по тебе» композициясына түсірілген бейнебаянды көпшілік назарына ұсынды. Әншінің өзі бұл әнді ұзақ уақыт алыстап қалған сүйікті тыңдармандарына арнағанын және бұл композиция орындаушының әр жанкүйеріне жеке жолдауы екенін атап өтті. Видеоны ресейлік режиссер Евгений Курицын түсірген. Ол  жұмыс өте оңай және үйлесімді болғанын атап өтті. Димаш клиптің тұжырымдамасымен танысып, екі-үш дубль жасап, түсірілім тобы қойылым бойынша жұмыс істей бастаған. «Димаш өте шебер және өзіне өте талапшыл. Әр дубльді мұқият қарап, кейде бейнеге көбірек эмоция беру үшін түзетулер енгізді. Менің ойымша, ол қажетті атмосфераны өте жақсы жеткізді», – деп бөлісті режиссер. https://www.youtube.com/watch?v=f2OVFVK1mME