ҚР Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы м. а., сарапшы.

2012-2013 жж. — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің Мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.

2013-2016 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ.

2016-2019 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Back to top button