72 жастағы қария итін көлік артына байлап сүйрегені үшін істі болды

Павлодар облысында итті көлік артына байлап, сүйреген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 23 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Polezno.ekb парақшасында Екібастұз қаласында белгісіз жүргізушінің автокөлікпен ит сүйреп келе жатқаны туралы бейнежазба анықталды. Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жүргізушіні анықтады, ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, ол өзінің алабай тұқымдас итін ветеринарлық емханаға апарған. Алайда итін қайтар жолда көлікке отырғызуға күші жетпеген көрінеді. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік автотұраққа қойылды.

Back to top button