ММА: Жылдың үздік жекпе-жегі анықталды (видео)

The Athletic редакциясы 2020 жылы аралас жекпе-жектегі басты жекпе-жекті анықтады. Бұл туралы басылым сайтында хабарланды. 

Журналистердің шешімі бойынша MMA-дағы өткен жылдың басты жекпе-жегі –қытайлық Вэйли Чжан мен польшалық Йоанна Йенджейчиктің кездесуі. Жекпе-жек наурыз айында абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) турнирі аясында өтіп, Қытай спортшысының жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жек  бес раундқа созылды. Қытайлық спортшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Вэйли Чжанның соққысы бірнеше рет қарсыласының бетіне дөп тиді.  Салдарынан Йенджейчиктің бетінде үлкен гематома пайда болды.

Бүгінгі күнге дейін бір-ақ мәрте жеңілік көрген Чжанның қоржынында 21 жеңіс бар. Йенджейкке қарсы жекпе-жек әзірге оның мансабындағы соңғысы.

Back to top button