Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салды

Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салды

Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салды
ашық дереккөзі
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.  Алматының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. «25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни Аяз ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады», -делінген қаулыда. Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.