Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салды
24 желтоқсан, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салды
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Алматының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни Аяз ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады», -делінген қаулыда.
Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.