Жаңалықтар

"Жынымды келтірмеңдерші!" ‒ Серік Жұманғарин ресейлік депутаттардың мәлімдемелері жайлы

ашық дереккөзі

"Жынымды келтірмеңдерші!" ‒ Серік Жұманғарин ресейлік депутаттардың мәлімдемелері жайлы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы сөздерін «сандырақ» («бред сивой кобылы») деп атаған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің мәлімдемесін қолдады.  Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. "Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің аумағымыздың, шекарамыздың тұтастығына тілмен қол сұққан ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға дипломатиялық түрде тарих сабағын үйретті. "Жоғары білім алып, Отанымыздың тарихын біле отырып, мен орыс тіліндегі бұл мәлімдемеге келесідей жауап берер едім: бұл ‒ сандырақ. Сыртқы істер министрі ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейді деп айтқым келеді". Қазақ халық саясатында бұл мынадай мағына білдіреді: жынымды келтірмеңдерші!"- деп жазды Жұманғарин. Естеріңізге сала кетейік, Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов "Первый канал" эфирінде “Қазақстанның территориясы – Ресейдің сыйы” деп мәлімдеген еді.