Жаңалықтар

Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп мерт болды

ашық дереккөзі

Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп мерт болды

Аргентинадан шыққан алғашқы "Әлем аруы" Норма Компальо автобус қағып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Nacion-ға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Апат Буэнос-Айресте өткен бейсенбіде болған. Сауда үйінен шығып, бағдаршамның рұқсат етілген түсі жанған кезде жолды кесіп өтпек болған Компальоны тұтқиылдан автобус қағып кеткен. Әйел ауруханаға жеткізіліп, жасанды комаға түсірілді. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол бес күннен кейін қайтыс болды.