98 миллион 518 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді

98 миллион 518 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді

98 миллион 518 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді
ашық дереккөзі
Әділет департаменті, ішкі істер департаменті және прокуратура органдары арасында жасалған бірлескен бұйрық шеңберінде Көкшетау қаласында осы жылдың 10 тамызынан 26 тамызына дейін «Борышкер» жедел-алдын алу шаралары өткізілді деп хабарлайды Әділет департаменті
баспасөз қызметі.
Акция мақсаты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қарызын уақытында төлемеген азаматтардың әкімшілік айыппұлдарын өндіруге бағытталған.
Сот орындаушылары және полиция қызметкерлерімен әкімшілік айыппұлдарды болуына және автокөлік иелерінің құжаттарын тексеру жүргізіледі. Ақмола облысының ІІД-і ӘПБ ӘПБ-і жұмыс тобының мәліметтері бойынша шараның бірнеше күнінде борышкерлердің 61 автокөлігі айыппұл алаңына тоғытылып, 98 518 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.
Көкшетау қаласы аумақтық бөлімінің басшысы Е.Қабышев әкімшілік айыппұл заң бұзғаны үшін мемлекетпен ең жиі қолданылатын азаматтарды тәртіпке шақыратын жазалау шарасы екенін, сонымен қатар аталған санаттағы істер бойынша бөлім өндірісінде 5 миллион теңгеден астам сомаға 3 мыңнан астам атқару құжаттары бар екенін атап өтті.
Ісшара шеңберінде тұрғылықты жер бойынша 22 мың 345 борышкердің үйлеріне араланды.
Әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін Көкшетау қаласы Әуезов көшесі 189 «А» мекенжайы бойынша аумақтық бөлімге немесе әділет департаментің 25-50-00 Колл-орталығына жүгіну қажет.