Билл Гейтс: Вакцина көмектеспейді, пандемия өрши түседі

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемде вакцинаға қарамастан, коронавирус пандемиясы өрши түсетінін мәлімдеді. Мұндай тұжырымға ол компьютерлік модельдерді зерттеу арқылы көз жеткізгенін жеке блогында жазды.  

«Өкінішке қарай, біз әлі қиындықтан шыға қойған жоқпыз» дейді Б.Гейтс. Оның жазуынша 2021 жылғы қаңтарда әлемдегі ахуал күрт нашарлайтын көрінеді.

Сондай-ақ, Билл Гейтс коронавирустан сақтану үшін әлі де маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтаудың маңызды екеніне тоқталды. Әлемдегі ең дәулетті адамның бірі келер жылы да қоғамдық орындарға барудан бас тарту керек болады деген ой білдірді.

Back to top button