«Соғысқа дайындалған ба?». Алматыда полиция мұздай қаруланған адамды ұстады

«Соғысқа дайындалған ба?». Алматыда полиция мұздай қаруланған адамды ұстады

«Соғысқа дайындалған ба?». Алматыда полиция мұздай қаруланған адамды ұстады
ашық дереккөзі
Полицейлер Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел мәліметтер бойынша, бұрын үш рет сотталған 1993 жылы туған А.есімді азамат, жалдамалы пәтерде сегіз бірлік әскери қаруды сақтаған. – Күдікті қамауға алынды. Одан карабин, винчестер, «Макаров» тапаншасы және бес шолақ мылтық табылды және тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның барысында олардың қайдан алынғаны, кімге тиесілі екені және қылмысқа қатыстылығы белгілі болады. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. А. есімді азамат ұсталды, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.