«Соғысқа дайындалған ба?». Алматыда полиция мұздай қаруланған адамды ұстады

Полицейлер Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел мәліметтер бойынша, бұрын үш рет сотталған 1993 жылы туған А.есімді азамат, жалдамалы пәтерде сегіз бірлік әскери қаруды сақтаған.

– Күдікті қамауға алынды. Одан карабин, винчестер, «Макаров» тапаншасы және бес шолақ мылтық табылды және тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның барысында олардың қайдан алынғаны, кімге тиесілі екені және қылмысқа қатыстылығы белгілі болады. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. А. есімді азамат ұсталды, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Back to top button