99 тонна алтын табылды
23 желтоқсан, 2020 /
Арайлым Жолдасбекқызы
99 тонна алтын табылды
Түркия аумағынан көлемі 3,5 миллион унция (шамамен 99 тонна) болатын алтын қоры табылды.
Anadolu мемлекеттік ақпараттық агенттігі Түркияның Сегют қаласынан табылған алтын қорының құнын 6 млрд долларға бағалап отыр. Сондай-ақ ашық кен орны әлемдегі ең ірі 5 алтын кенінің қатарына кіреді.
«Біз қатты қобалжып отырмыз, бұл еліміздің экономикасы мен өңіріміздің дамуына үлкен үлес. Биледжикте кен орындары көп, бірақ осындай бай алтын қоры бізді қатты қуанып тұр», – деді Биледжиктің губернаторы Билал Сентурк.
Кен орнын алдағы екі жылда өндіру туралы жоспарланып отыр.